«НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!»

Оралхан Бөкейдің  80  жылдық  мерейтойына  орай

«НЕТКЕН  ҒАЖАП ДҮНИЕ!»

 тақырыбы аясында  көркем  очерк  жазудан

Оралхан Бөкей атындағы республикалық

ІІ-әдеби публицистикалық байқау өткізу туралы

 

ЕРЕЖЕ

«Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім.                           ...«мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп-сыбырлап келгем жоқ.    Бар дауысыммен айқайлап «АДАМ!» деп келдім.  

Иә, бізге керегі – ең әуелі Адам, Адамның тағдыры»

Оралхан Бөкей

 

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ  ЖАС МӨЛШЕРІ

Республикамыздың  барлық  аймағынан  25 – 45 жас аралығындағы жазушылар және БАҚ өкілдері  қатыса алады.

 

 ШЫҒАРМА ЖАНРЫ:

  • Көркем очерк;
  • Байқау атауы – «НЕТКЕН  ҒАЖАП ДҮНИЕ!»

 (Оралхан Бөкей очеркінің тақырыбымен аталды)

  • Қатысушы авторлық очеркіне  сай тақырып қояды.
  • О.Бөкей очерктерін оқып шыққаныңыз абзал!

 

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Мемлекеттік тілде жазылуы;

2.Ұсынылған шығарманың әріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында;

  1. Он бес (15) беттен аспауы;
  2. Бұрын ешқайда жарияланбауы;
  3. Кейіпкері – шынайы өмірде бар ауылдағы еңбеккер замандасымыз болуы;
  4. Көркем тілде және сауатты жазылуы, тәрбиелік маңызы болуы тиіс;
  5. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды;
  6. Автор ұсынатын шығармасында аты-жөнін, жұмыс  орынын, тұрғылықты мекенжайын, телефонын,  электрондық мекенжайын нақты көрсетуі тиіс. 
  7. Әр автордан тек бір ғана жұмыс қабылданады;

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

  • 2023-жылдың 9-ақпанынан 1-қыркүйегіне дейін шығармашылық жұмысты Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық  пошта  мекенжайына  жіберу, немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсыруы керек;
  • Байқау тақырыбына, талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды;
  • Жазушылар және Журналистика саласының  кәсіби мамандарынан құрылған  «Қазылар алқасы»  жұмыстарды  жан - жақты бағалайды.  

 

БАЙҚАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ

Қазылар  алқасының  дауыс беруі бойынша анықталған  жеті (7) жеңімпаз келесі орындар бойынша марапатталады:

  • БАС ЖҮЛДЕ – Оралхан Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік ескерткіш және Өскемен қаласы әкімінің Дипломы,  қаржылай  сыйлық Сертификаты;
  • 1, 2, 3 орын – Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
  • Ынталандыру сыйлығы (3) - Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және Сертификаты.

 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

  • 2023 жылы, 27 қыркүйекте – Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада жеңімпаздармен жүздесу.
  • 28 қыркүйекте – Оралхан Бөкейдің туған күнінде  жазушының туған өлкесі Катонқарағай ауданында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.  

 

АВТОРДЫҢ  КЕЛІСІМІ

  • Ұсынылған шығармаға авторлық құқықтың  бар екеніне кепілдік беруге;
  • Шығармашылық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, немесе әлеуметтік желілерде жариялауға;
  • Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптар қоймауға келісім береді.

 

ФЕСТИВАЛЬ МАҚСАТЫ

  • Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасын насихаттау, дәріптеу;
  • Елі мен Жерін Оралхандай сүйетін және Оралханша жазатын дарындарды анықтау;
  • Көркем очерк жанрын дамытуға және жаңғыртуға ықпал ету;
  • Журналистер мен қаламгердердің шығармашылығына серпіліс беру;
  • Ана тіліміздің сөздік байлығын жаңғырту, еңбек адамдарын және ел құндылықтарын насихаттау, дәріптеу, қолдау;

 

 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Өскемен қаласының әкімдігі;
  • «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
  • Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының ШҚО бөлімшесі;
  • Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.

 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.  

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

 

Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:

+7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) –  Жиенбекова Жанат

8(7232) 25-17-70

 

 

 

 

 

 

 

 


Басып шығару   E-mail