2003 жылы 8 қазанда Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкейдің туып – өскен үйінде жазушының мұражай-үйі ашылды. Мұражай - үйінің алдындағы кіреберісте шығысқазақстандық мүсінші Владимир Самойлов орындаған мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің кеуде мүсіні орын алған.
2021 жылы 21 қыркүйекте Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа ескерткіші бой көтерді.
Жазушының мүсіні қоладан жасалған, гранит қаптамасы бар постамент. Жалпы биіктігі 4,8 метр. Авторлары – белгілі мүсіншілер Калиев Нурбол мен Баймуханов Мейрам.
Ескерткіш тақталар
Алматы қаласындағы ескерткіш-тақта
Үлкен Нарын ауылындағы ескерткіш-тақта
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы Оралхан Бөкей 1964-1967 жылдар аралығында қызмет істеген аудандық «Еңбек туы» газетінің бұрынғы редакция үйіне ескерткіш-тақта орнатылған.