Тәуелсіздік ұрпағына ғибрат

"Айналайын, жас достар! Мен сендерді де, мынау өмірді де сүйемін. Жалпы ізгілікті мұраттар жолында, арайлы болашақ үшін бір игі тілекте, бір мақсатта қарекет етейікші."
"Мен еліміздің ұлдары мен қыздары кеңпейілді, ақжарқын, ақылды адам болып қалыптасқанын қалаймын... олар еңбектен, ізденістен ешбір қол үзбесе екен деп тілеймін."
"Айналайын, жас достар, сіздерге тек қана алға тура тартқан жастық пен асау батылдық керек!"
"Өмірдің жастық деп аталатын абат шағын бойкүйез, күйкі тірлікпен емес, нағыз қыранша биікке ұмтылып, дауылпазша саңқылдап өткізген қандай жақсы."
"Махаббат – табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ондағы ең үлкен сыйлық – айнымас сыйластық. Ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді."
"Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Иә, ұлттық адамгершілік... имандылық бет-бейне мен болмыс керек."
"Қасиетіңнен айналайын қайран жерім, қажырлы елім! Жылдар өтер, талай су ағып, талай жапырақ қуарар, бірақ, туған жердің үстінде тек қана қазақтың – тек қана төрт түлік баққан елімнің түтіні ту болып желбірер. Жылдар өтер, бірақ осынау әр қойнауында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ел дәулетін тасытып отырған қазақтың бейбіт өмір, момақан тіршілігін ешбір жау бұза алмас. Жер мен Елдің маңдайы жарқырап, бағы ашылар деп тілеймін!"

Оқи бер, оқысаң жетесің. Құрбыларыңа айт, білім алсын!
Мен сендерді ғылым мен техниканың – қазіргі өмір өзегінің
қиян-қиясынан көргім келеді!                                                                                                                                  


Басып шығару   E-mail