Оралхан айтатын еді:
"Алыста жүрген менің тілеуімді тілеп, анам: "Жалғыз ұлдың табанын жерге, арқасын елге тапсырдым" дейтін. Сөйткен ана Алматыдағы Оралханның үйіне бір рет те келе алмапты. Себебі, ет жеңді, жүріп-тұруы қиын. Жол қиындығын көтере алмайды.
Менде нағыз дос жоқ, әріптестер мен достар, жолдастар ғана барын кейін білдім. Сол секілді менде ішек-қарыны араласқан, жалғыздығы мен жанымды түсінетін туыс жоғын да кеш сездім. Менде өзімнен басқа ештене жоқ, тіпті творчествома да ешқашан қанағаттанған емеспін. Бұл түңілу емес, өмірге, өз-өзіңе түңілу".
"Әлемдегі мақтаулы әдебиеттің айдарынан жел ескен шоқ туындыларын жұтынып-ақ қолға аламын. Амал қайсы, қызықтырмайды. Бәрі баяғыдан белгілі дүние сияқты, таңқалдырған емес. Содан соң ой айтқан тұстарын шолып, аттап-бұттап, парақтай бастаймын. Ал, керісінше, танымдық әдебиеттер көп тартады. ...Өзім де соларша жаза алатын сенім мен сезім неге басым екен менде..."
"Мен замандастарымның ішіңдегі білімдарлығы жоғары, әдебиет ауылына Әуезовтік дайыңдықпен келген екі жігітті бөлекше атағым келеді. Олар Әбіш (Кекілбаев) пен Мұхтар (Мағауин)".
"Мен әр шығармамды жазуға отырған сайын ең алғашқы әрі ең ақырғы шығармаға кіріскеңдей толқып, жүрексінемін".
"Халықты қалқан тұтатындар бар; халыққа қалқан болатындар бар" деп. Иә, Оралханның айтатыны көп еді...
Н. Айдархан
