Мектеп-музейдің ашылуы

2017 жылы 25 тамыз күні Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында Әбдікерім Ережепұлы атындағы мектеп-музейдің ашылу салтанаты болып өтті.

Ұлттың рухына серпін берген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бойынша елімізде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облысымызда осыған орай жалпы бюджеті 28 млрд.теңгені құрайтын бесжылдық бағдарлама дайындалды. Биыл бұл жобаларға 7 млрд.теңге бөлініп отыр.

Президент бағдарламасының ауданымызда орындалуының көріністерінің бірі - Әбдікерім Ережепұлы атындағы мектеп-музейдің ашылуы.

Әбдікерім болыс өз заманында бала оқытуға бастама көтеріп, аймақта алғаш мектеп ашып, ағарту саласына еңбек сіңірген, халық жанашыры болған Алтайдың асыл азаматтарының бірі болған.

Ғасырдан астам тарихы бар Алтайдағы алтын ұя -Шыңғыс­тай мектебі С.Торайғыров сынды небір ғұлама ұстаз­дардың, солардан тәрбие алған Сәрсен Аманжолов, Құмаш Нұрғалиев, Оралхан Бөкей, Бошай Кітапбаев, Сейітқамза Ластаев, Зәбилә Алпысова сияқты қазақ тарихында ерекше орны бар асыл азаматтардың білім алған ордасы.

Бұл ғимаратты облыстық мәслихаттың депутаты, ауданның Құрметті азаматы, жерлесіміз Тумашинов Лұқбек Шабданұлы қайта қалпына келтірді.

 

Мерей Қайнарұлы. Шыңғыстай ауылында Әбдікерімге арналған ескерткіш тақта ашылды

Азамат Қасым. Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды

Жұмабай Назерке. Менің Оралханым


Басып шығару   E-mail